Вторник, 21.05.2024, 10:29Приветствую Вас Гость | RSS
RU   KZ
ГКП на ПХВ "Жаркентский родильный дом" ГУ "Управление здравоохранения Алматинской области"
Официальный интернет-ресурс
Служба поддержки пациентов 8 (72831) 9-63-11
Главная | | Регистрация | Вход
» Меню сайта

Главная » 2018 » Май » 17 » 5– мамыр, 7- мамыр, 12 мамыр атаулы күндер «ПЕРЗЕНТХАНА ҮЗДІК МАМАНЫ» атты сайысына арналған салтанатты жиын болып өтті
16:26
5– мамыр, 7- мамыр, 12 мамыр атаулы күндер «ПЕРЗЕНТХАНА ҮЗДІК МАМАНЫ» атты сайысына арналған салтанатты жиын болып өтті

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаркент перзентханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында

5– мамыр, 7- мамыр, 12 мамыр  атаулы күндер  «ПЕРЗЕНТХАНА  ҮЗДІК МАМАНЫ» атты сайысына арналған салтанатты жиын  болып өтті.

 5-12мамыр  мерекесіне орай  тарихқа  шолу  жасап  өтейік. Акушерлік  мереке  идеясын 1987  жылы Нидерландыдағы  конференцияда  Мамандар  Халықаралық  Ассоциациясы  ұсынды. Осы   күні ресми  мереке  мәртебесі 1992 жылы  5 мамыр күні алды. Акушерлер Сіздердің   шебер және мейірімді қолдарыңыздың  арқасында  әйелдер   аналарға айналып, балалар дүниеге келеді. Күн сайын Сіздердің арқаларыңызда жұмыста қуаныш болмақ, ал өмір бақыт пен гүлденуге толады. Аяулы да ардақты аяжандар мерекелеріңіз құтты болсын.

Ал 12-мамыр –халықаралық медбикелер  күні . Медбикелердің  кәсіби мерекесі   медбике  ісінің   негізін салушы, ағылшын  медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні  аталып өтіледі. Барлық  атқарылған жұмыстар мейірбикелер Сіздермен  басталып  өздеріңіз арқылы жалғасын табуда. Адам өміріне арашасы мейірбикелерді  төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіреміз.

 7-мамыр  еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
         Аға ұрпақ жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз  әрқашанда мақтан тұтамыз. Біздің тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымызды, тыныштығымыз  бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.

      Әр адам өз өмір  жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен  алақандарын  сезінеді. Олардың көмегімен  тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді  жалғайды.

           Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды  білдіреміз.

Просмотров: 593 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
» Вход на сайт


» Поиск

» Погода

Жаркент
Подробнее

» Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

» Архив записей

» Полезные ссылки






» Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


ГКП на ПХВ “Жаркентский родильный дом”© 2024